24 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №802

133 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 15 желтоқсан  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуір­дегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына, 32-бабының 3-тар­мағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қала, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген экономика салаларындағы корпоратившілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер; 4) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық; 5) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру; 6) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 7) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 8) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны; 9) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел; 10) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші. 2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі 4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына пайыздық қатынаспен белгіленеді және: 1) экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны; 2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотаны; 3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қамтиды. 5. Алдағы жылға (жылдарға) экономикалық қызмет түрлерi бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды. 6. Жұмыс берушілер жыл сайын 1 тамызға дейін шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті ұсынады. 7. Жергілікті атқарушы органдар 10 тамызға дейін экономикалық қызмет түрлерi бойынша жұмыс берушілердің қажеттілігін мынадай талаптарды: 1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен; 2) жұмыссыз азаматтар санының болжамын және күтілетін қызметкерлердің босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік қызметкерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын; 3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді шетелдік қызметкерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін; 4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшіне болжамды қажеттілікті ескере отырып тұжырымдайды. 8. Жергілікті атқарушы органдар 15 тамыздан кешіктірмей Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына: 1) осы Қағидалардың 7-тармағының талаптары ескеріле отырып тұжырымдалған жұмыс берушілердің қажеттілігін; 2) қажет болған кезде алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып ұсыныстар енгізеді. 9. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдері қосылады. Комиссия жұмыс берушілердің қажеттілігін қарау нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің алдағы жылға сұратып отырған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыру туралы не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады. Комиссияның шешімі жұмыс берушілердің әрбір өтініміне қатысты жеке қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қояды. 10. Жұмыс берушілердің қажеттіліктерін Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара қайтаруы мүмкін: 1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын қызметкерлерді шетелдік қызметкерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшіне қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы; 2) шетелдік қызметкерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібінің жойылмаған бұзушылықтарының болуы; 3) шетелдік қызметкерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтарының, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы. 11. Жергілікті атқарушы органдар Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың қажеттілігін қарау нәтижелері туралы хабарлайды. 12. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін 1 қазанға дейін алдағы жылға шетелдік қызметкерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып тұжырымдалған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға қалыптастырылған ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 1 қазанға дейінгі мерзімде енгізеді. 14. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота алдағы жылға жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігі негізінде қалыптастырылады. 15. Алдағы жылға жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікті 10 тамызға дейін жергілікті атқарушы органдар аумақтық ішкі істер органдарымен бірлесіп, өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тарту тиімділігін бағалауды және алдағы жылға еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін ескере отырып айқындайды. 16. Аумақтық ішкі істер органдары 1 қыркүйекке дейін алдағы жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікке өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне келісуге жолдайды. 17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі алдағы жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікке өтінімдерді қарап, қалыптастырады және 1 қазанға дейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп-қонушыларды тартуға қажеттілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды. 18. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді. Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратифика­циялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды жасаған кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, қалыптастырады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 19. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған өтінімдердің негізінде алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады. 20. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 21. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде квотаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында бөледі және бөлінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің ресми интернет ресурсында квотаның бөлінуі туралы ақпаратты орналастырады. 22. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында: 1) жергілікті атқарушы органдар ұсынған жұмыс берушілердің қажеттіліктері негізінде қалыптастырылған өтінімдерге сәйкес экономикалық қызмет түрлері және шығу елдері бойынша, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес шетелдік және маусымдық қызметкерлердің санаттары бөлінісінде; 2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікке сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға бөлуді жүзеге асырады. 23. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік не уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына 1-қосымша Корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының тізбесі Р/с № Экономикалық қызмет салаларының атауы 1 Ауыл, орман және балық шаруашылығы 2 Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3 Өңдеу өнеркәсібі 4 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау 5 Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау 6 Құрылыс 7 Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу 8 Көлік және қоймаға жинау 9 Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 10 Ақпарат және байланыс 11 Қаржы және сақтандыру қызметі 12 Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар 13 Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет 14 Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 15 Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 16 Білім беру 17 Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер 18 Өнер, ойын-сауық және демалыс 19 Өзге де қызмет түрлерін ұсыну 20 Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі 21 Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына 2-қосымша Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар: 1. Оралмандар. 2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес көшіп келушілер. 3. Босқын немесе пана іздеп жүрген адам мәртебесiн алған. 4. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық себептермен келген көшіп-қонушылар болып табылатындар. 5. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталғандар. 6. Адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатындар. 7. Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін, кәмелеттік жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратындар. 8. Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiндер. 9. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар; 10. Теңіз және өзен кемесінің, әуе және теміржол көлігі экипажының мүшелері болып табылатындар. 11. Әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер. 12. «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары және органдары тартатындар. 13. Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар. 14. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар. 15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асырушылар. 16. Шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтіндер. 17. Жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған қаулыларының тізбесі 1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат). 2. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу, басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 386 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 420-құжат). 3. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 1065 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 571-құжат). 4. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 173 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 110-құжат). Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 1-қосымша кімге ________________________________ ________________________________ ________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетілген уәкілетті органның атауы) кімнен ________________________________ ________________________________ ________________________________ (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы) 201__ жылға арналған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілік Р/с № Экономи­калық қызмет түрі Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) 201__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік 1-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөлінісінде) 4-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөлінісінде) Маусымдық шетелдік қызмет­керлер 1 2 3 4 5 6 7 8 Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесі __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ (жұмыс беруші болып табылатын ұйым басшысының лауазымы) ________________________________ М.О. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 2-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кімнен ________________________________ ________________________________ ________________________________ (жергілікті атқарушы органның толық атауы) 201__ жылға арналған Қазақстан Республикасына экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім Р/с № Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы) Экономикалық қызмет түрі Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) __ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік Қағидалардың 7-тар мағында көзделген талаптар ды ескере отырып, қажеттіліктің негіз демесі 1-санат (кәсіптер мен маман дықтар бөлінісінде) 2-санат (кәсіптер мен маман дықтар бөлінісінде) 3-санат (кәсіптер мен маман дықтар бөлінісін де) 4-санат (кәсіптер мен маман дықтар бөлінісін де) Маусымдық қызметкерлер 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 3-қосымша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне кімнен ________________________________ ________________________________ ________________________________ ________________________________ (аумақтық ішкі істер органының толық атауы) 201__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне өтінім Р/с № Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік) 201_ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік Қажеттіліктің негіздемесі 1 2 3 4 Аумақтық ішкі істер органының басшысы: ____________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) М.О. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 4-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен 201_ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік Р/с № Өңірлер Өткен жылы тартылған еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік) 201_ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік Қажеттіліктің негіздемесі 1 2 3 4 5 1 Астана қ. 2 Алматы қ. 3 Ақмола облысы 4 Ақтөбе облысы 5 Алматы облысы 6 Атырау облысы 7 Шығыс Қазақстан облысы 8 Батыс Қазақстан облысы 9 Жамбыл облысы 10 Қарағанды облысы 11 Қызылорда облысы 12 Қостанай облысы 13 Маңғыстау облысы 14 Павлодар облысы 15 Солтүстік Қазақстан облысы 16 Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 5-қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне кімнен ________________________________ ________________________________ ________________________________ (жергілікті атқарушы органның толық атауы) 201__ жылға арналған Қазақстан Республикасына шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім Р/с № Эконо­микалық қызмет түрі Тарты­латын шетелдік жұмыс күшінің саны __ жылға арналған шетелдік қызметкерлердің санаттары бойынша 1-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөл­іні­сінде) 2-санат (кәсіптер мен ма­ман­дық­тар бөлі­нісін де) 3-санат (кәсіптер мен маман­дықтар бөлін­і­сінде) 4-санат (кәсіптер мен маман- дықтар бөлін­і­сінде) Маусым­дық шетелдік қызмет­керлер 1 2 3 4 5 6 7 8